12
октябрь
2021
Мектеп тарихы
Қазыналы қара шаңырақ.
«Тарихын білмеген тамырын да білмейді» демекші кез келген мектептің өз тарихы бар. Біздің де мектебіміздің тарихы сонау 1963 жылдан басталады. 1963 жылдан – 1981 ж. шілде айына дейін Бөген аудандық депутаттар кеңесі, аудандық атқару комитетінің халыққа білім беру бөлімінің шешімімен алғашқы атауы «Құрсай» бастауыш мектебі болып қалыптасты.
1977 ж. 7- қазан айынан 1981 ж. шілде айына дейін Сайрам аудандық халық депуттаттар кеңесі атқару комитетінің халыққа білім беру бөлімінің шешімімен «Құрсай бастауыш мектебі» болып қайта құрылды. 1981-1988жж. Сайрам аудандық халық депуттаттар кеңесі атқару комитетінің халыққа білім беру бөлімінің қаулысымен «Құрсай» орталау мектебі болып өзгертілді. 1988-1992 жж. Шымкент қалалық халық депуттаттар кеңесі , Абай аудандық атқару комитетінің қаулысымен №49 орталау мектебі болып өзгертілді.
1992 жылы Шымкент қалалық әкімшілігінің білім беру басқармасына қарасты №49 орталау мектебі болып өзгертілді.
1997 ж. 23- сәуірінен Шымкент қалалық әкімшілігінің білім беру мәдениет және халық денсаулығын сақтау басқармасына қарасты №49 орта мектебі болып өзгертілді.
2010 жылдың 7- маусымынан Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігі Шымкент қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты №49 жалпы орта мектебі болып өзгертілді.
2018 жылы Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «№49 жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесі болып қызмет жасайды.
Осы жылдар ішінде білім шаңырағы қазақ деген ұлтымыздың білімді азаматтарын дайындап шығаратын қара шаңыраққа айналды. Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын тұлғалар баптайтын құтты мекен. Сан қыранды өмір өлкесіне самғатқан алтын ұямызда құрылған күннен бастап, көптеген білімді де тәжірибелі мұғалімдер мен ұлағаттаы ұстаздар еңбек етті. Ұзақ жылдан бері қажымай еңбек етіп, мектептің әр ісіне сара жол қалдыра білген, ерен еңбегімен шәкірттеріне үлгі өнеге болған қазір ортамызда жоқ Шырманов Өтәй, Жәнібеков Зұлпыхар, Құрманбаев Ілияс, Мамешов Қанытбек, Айтқұлов Мәлік, Жұмақава Сәрсенкул, Рамазанова Рима, Арғынбаев Серік, Ақжігітов Қыдырәлі, Қалтаев Сырым ағайларымыз, қалғаны бейнеттің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаздарымыз Ешимова Салима, Саржанова Диляфруз, Қосауова Ғалия, Сарыбекова Қымбат, Тазабекова Манзура, Утебаева Сауле, Абиев Кәдірбек, Жалдықараева Дариға, Жұмабаева Сәрсенкүл, Абдраимова Қалдыкүл, Көбеева Бекзада, Ниязбекова Сапаркүл, Мамешова Бағила, Сопбекова Тұмар, Ержігітова Жамила, Сулайманова Сайрагул, Жуманова Бағила, Дүйсенова Бақыткүл, Салтаева Нәзипа, Елтаева Ақшабақ, Айтуов Рысбек, Әшірбекова Рымбала апайларымыз жастарға үлгі, тәрбиенің мықты тірегі болған ұлағатты ұстаздар.
Бүгінгі күні №49 ЖОББМ ынталы еңбегімен халыққа танымал, беделдері биік мектеп түлектерін мақтан тұтады. Білім шаңырағын бітірген өнерлі, өрелі түлектер ел мақтанышына айналып отыр. Атап айтсақ:
Ташполатов Сейілхан – Алматы қалалық сотының судьясы, ҚР «Судьялар одағының Құрметті мүшесі» құрмет белгісімен марапатталған.
Бағдат Алтаев - Түркістан облысының және Шымкент қаласының композиторы, Ұлы Отан соғысының жеңісінің құрметіне жазылған «Жеңіс күні» әнінің авторы, Ауған соғысы ардагерлеріне арналған гимннің авторы.
Оразбаева Динара – «Сәуле» шағын ауданындағы «Сәуле - 35» бала бақшасында әдіскер.
Мамешов Ерғали - №48 ЖББОМ директордың тәрбиеісі жөніндегі орынбасары.
Шырманов Нұрғали – Абай ауданы полиция бөлімінде полиция майоры.
Шағырбаев Бексұлтан – Шымкен қ. Әль-Фараби ауданы ішкі істер бөлімінде аға лейтенант.
Адасханов Таңсықбай – Шымкент қ. Абай ауданы ішкі істер бөлімінде майор.
Жумадилова Айжан – Тараз қ. №1 емханада бөлім меңгерушісі.
Ибрагимов Ерболат – ТОО «Өгем» кедендік декларация жөніндегі бас маман.
Мамешов Қуаныш – Абай ауданы ішкі істер бөлімінде майор, кадр бөлімінде бас маман.
Мамешов Аслан - Шымкент қ. Аппаратты аналитикалық басқарманың аға инспекторы.
Юсупбаев Самат – Астана қ. №3 емханада білікті хирург, гастро-энтеролог.
Әсілбек Нұртаң – Алматы қ. Әль-Фараби атындағы КазГУ түлегі, PHD қызметінде.
Есқараев Дәурен- Қарағанды қ. онкологиялық емханада онколог дәрігер.
Қалтаев Арман – Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің көмекшісі.
Ахметов Асқар – Шымкент қаласы Абай ауданы әкімшілігінде бас маман.
Әсілбек Балнұр – жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионы, елбасының қолынан марапат алған.
Ниетбай Дәулет – еркін күрестен спорт шебері, Қазақстан Барысы.
Жанадилова Айгүл – Гумилев ат. ЕҰУ-де PHD қызметінде.
Алиасқар Ақтөре – Шымкент қ. №11 емхана дәрігері.
Қазыналы білім ордасына айналған №49 мектептің әрбір шәкірті білім көкжиегіне сеніммен ұмтылып, мектеп мақтанышына айналуды мақсат етсе, инемен құдық қазғандай білім тұңғиығының нәрін алған «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері бұл күнде республикамыздың барлық аймағында еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.
Мектеп директоры А.А. Сарыбасовтың басшылығымен ұжым қазіргі таңда оқытудың жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерін пайдалану арқылы дарынды оқушыларды дер кезінде анықтап, шәкірттерін шығармашылыққа баулуды басты парыз деп ойлайды. Мектебімізде білім беру бағдарламасын іске асыратын ұлттық біліктілік тестен өткен 41 педагог-зерттеуші, 33 педагог-сарапшы, 57 педагог-модератор ұстаздарымыз еңбек етуде. Міне, осындай үлкен жетістікті арқалап келе жатқан мектептің әлі де жетер жетістігі, алар асуы, бағындырар белесі алда.