Шымкент қаласының білім басқармасының
"№49 Жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
+7 (7252) 40-51-31
+7 (747) 195-74-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мәшһүр- Жүсіп оқуларының" қалалық кезеңі
01
апрель
2022
"Мәшһүр- Жүсіп оқуларының" қалалық кезеңі
16 наурыз күні Шымкент қаласы, "Дарын" орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық"Мәшһүр- Жүсіп оқуларының" қалалық кезеңі М. Әуезов университеті ғимаратында өткізілді. Айтулы оқуға мектебімізден 8- сынып оқушысы Қуандық Кәусар ( пән мұғалімі Ералиева Д.Ж) қатысып, " Мәшһүр- Жүсіп шығармалары және" Ұлы даланың ұлы есімдері" бағыты бойынша бағын сынады. Нәтижесінде жүлделі II орынды иеленіп, мектебіміздің мерейін асқақтатты. 26 наурыз күні жүлделі орын алған
"Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы"  атты дәстүрлі онкүндігі
01
апрель
2022
"Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы" атты
Т№49 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік 31.01.2022жылғы №85  хатының негізінде "Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы"  атты дәстүрлі онкүндігінің жоспарына сәйкес жоғары деңгейде өтуіне шығармашылық ізденісі және белсенділік танытқаны үшін өзін-өзі тану пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшісі М.Мамытбекқызы мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Г.Ж.Палходжаева Шымкент қаласының білім басқармасының әдістемелік орталығының алғыс
«АЛТЫН ҚЫРАН – ЕРЕКШЕ ДАРЫН ИЕСІ»
24
февраль
2022
«АЛТЫН ҚЫРАН – ЕРЕКШЕ ДАРЫН ИЕСІ»
«АЛТЫН ҚЫРАН – ЕРЕКШЕ ДАРЫН ИЕСІ» зияткерлік байқауының жеңімпаздары  3 «Д» сынып оқушысы Асылхан Аялым,  2 «Ә» сынып оқушысы Кісенбай Абылайды  «Бас жүлде» алуымен құттықтаймыз. Жастарымызға оқуда үздік,  мектебіміздің мақтанышы болып,  үлкен жетістіктерге жетуіне тілек білдіреміз.  Бұл жеңіске жетудегі жетекшілерінің  еңбегі назардан тыс қалмады. Шымкен қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының мадақтамасымен  Үсенова Сәуле,  Киркбаева Жанат марапатталды.  Ұстаздарымыздың оқушыларды
Оқу — білім азығы, Білім — ырыс қазығы.
24
февраль
2022
Оқу — білім азығы, Білім — ырыс қазығы.
Оқу — білім азығы, Білім — ырыс қазығы. 2022 жылдың 12 ақпан күні 3,4 сынып оқушылары арасында математика пәнінен  мектепішілік «Алтын сақа» пән олимпиадасы болып өтті. Санитарлық талаптар қатаң сақталып, әр оқушы жеке партада   берілген тапсырмаларды ережеге сәйкес 60 минутта орындады. Олимпиадаға 3 сыныптан 37, 4 сынып бойынша 47 оқушы қатысты. Қорытындысы: 3 сыныптар  бойынша:  І орын - 3 «В» сынып оқушысы Байдулла Олжас, ІІ орын – 3 «В» сынып оқушысы Тойлыбай Омар (сынып жетекшісі
“Мұқағали Мақатаев оқулары”
24
февраль
2022
“Мұқағали Мақатаев оқулары”
2022жылғы 16 ақпан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде “Мұқағали Мақатаев оқулары” республикалық байқауының қалалық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Жеңімпаздарды Шымкент қаласы “Дарын” орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Джеренова Раушан Омарханқызы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің “Химия инженерия және биотехнология жоғары мектебінің “ деканы Айтөреев Мұрат Жарылқасынұлы марапаттады. “Мұқағали Мақатаев
“Ұшқыр ой алаңы”
24
февраль
2022
“Ұшқыр ой алаңы”
19.02.2022 ж.  күні  №49  жалпы  орта   білім   беретін  мектебіміздің   тарих  пәнінің  мұғалімі  Ф.Балғабайдың  жетекшілігімен  9 “Г” сынып оқушысы  Әшірбай   Ардақ , 9 “Ә” сынып  оқушысы   Наурызбаева  Балғаным,  8"Ә" сынып Аймахан Аяулым және  8"А" сынып  оқушысы   Қуандық  Кәусар “Ұшқыр ой алаңы”  жобасы   аясында   “Балалар   амандығы-мемлекетіміздің  жарқын   болашағының   кепілі”  тақырыбында  № 137 жалпы орта білім  беретін  мектебінде  өткен  Абай аудандық  дебат  турниріне  қатысып,
Республикалық  ІV "Абайтану" олимпиадасы
12
февраль
2022
Республикалық ІV "Абайтану" олимпиадасы
Шымкент қаласы "Дарын" орталығы ұйымдастырған  Республикалық  ІV "Абайтану" олимпиадасының қалалық кезеңіне мектебіміздің 11 сынып оқушысы Мадарбекова Әйгерім қатысып, Абай поэзиясы мен қара сөздері бойынша эссе жазу," Абай  жолы" роман-эпопеясының мазмұнын талдау бағыттары бойынша өз білімін ортаға салып,  жүлделі lll орынды иеленді. Олимпиада жеңімпазын дайындағаны үшін жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдулова Индира «Дарын»  орталығының алғыс хатымен марапатталды  
І.Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясы  "Қаһар" романы бойынша кітап оқу байқауы
12
февраль
2022
І.Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясы "Қаһар" романы бойынша
N49 жалпы орта білім беретін мектебінің 10"в" сынып оқушысы Қуандық Зарина, жетекшісі Калыбаева Айгүл "Дарын" орталығының ұйымдастыруымен 8-11-сынып оқушылары арасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілген І. Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясы  "Қаһар" романы бойынша кітап оқу байқауында ерекше өнер көрсеткені үшін марапатталды. Жеңістеріңіз кұтты болсын, алар асуларың биік болсын деп тілек білдіреміз!
«Менің қолымнан бәрі келеді»  тақырыбында математика және қазақ тілі пәндерінен олимпиада
10
февраль
2022
«Менің қолымнан бәрі келеді» тақырыбында математика және қазақ тілі
2022 жылдың 9 ақпан күні Шымкент қаласы «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен  «Менің қолымнан бәрі келеді»  тақырыбында математика және қазақ тілі пәндерінен олимпиада болып өтті. Аталмыш олимпиада ерекше білім беруге қажеттіліктері бар  балаларға арналды. «Бала - бауыр етің» дегендей, әр ана баласының жүзінен қуанышты көргісі керері анық. Бүгін міне ата-анасы мен сыныптастарын, бүкіл мектеп ұжымын қуанышқа бөлеген 4 «Ғ» сынып оқушысы Садуахас Ахмет  жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып,
Карате спортынан кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты
09
февраль
2022
Карате спортынан кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты
№49 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 "А"сынып оқушысы Әшімхан Тұрлыбай, бапкері  Налибаев Қыдыр 2021 жылдың 18-22 желтоқсан аралығында Алматы қаласында өткен карате спортынан кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысып, қола медальді иеленді. 25 мемлекет қатысқан чемпионатта 70 келі салмақта Тұрлыбай Қытай, Ирак, Филиппин мемлекеттрінен келген қарсыластарын жеңіп, жартылай финалға шығып,  жеңімпаз атанды.  Тұрлыбайдың бұл жетістігі әрине, бапкерінің жеңісі,