«Жабайы алма».
Сайын Мұратбеков әйгілі жазушы болған кезінде қала сыртындағы саяжайына барып, жазу жазады екен. Күз келгенде көршісінің жері мен екі ортада өсіп тұрған жабайы алма ағашының алмасын жинайтын көрінеді. Алманың небір тәтті түрлері өсетін Алматының баурайында ашқылтым дәмі бар жабайы алманы ешкім керек қылмайды ғой, жазушының көршісі де өз ауласына түскен жабайы алманы термейді екен. Сайын оларды да сұрап алып, жинап — теріп үйіне алып келеді екен. Неге өйтесің деп сұраған жұбайына «бала күнімізде