Шымкент қаласының білім басқармасының
"№49 Жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
+7 (7252) 40-51-31
+7 (747) 195-74-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » МЖБС шеңберінде білім алушылардың білім сапасын бағалау
01
апрель
2022

МЖБС шеңберінде білім алушылардың білім сапасын бағалау

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы№204 бұйрығына сәйкес"Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісін өткізу ережелері" негізінде бастауыш және негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған МЖБС шеңберінде білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында мектебімізде 4-9 сыныптармен дайындық жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
4- сыныптарда оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, ғылыми жаратылыстану сауаттылығынан, 9- сыныптарда оқу сауаттылығы ( қазақ, орыс, ағылшын), математикалық сауаттылық, ғылыми жаратылыстану сауаттылығынан ( физика, химия, биология, география) қазіргі таңда дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Білім беру саласында көпжылдық тәжірибесі бар пән мұғалімдері үлгерімі төмен оқушылармен жүйелі жеке жұмыс жүргізіп,  апта сайын ББЖМ- ға дайындық тест жұмыстары алынып, білім сапасын жақсарту бағытында күн сайын еңбек етуде.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив