17
октябрь
2021
ата-аналар жиналысы
N49 жалпы орта білім беретін мектепте , мамыр айының 6 - сы күні мектепішілік ата-аналар жиналысы ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылып, жиналысқа 63 ата- ана мен оқушы қатысты. Күн тәртібінде ҰБТ- ға дайындық және ҰБТ тапсыру ережелері туралы мәселелер қаралды. Мектеп директоры Асылбек Асанұлы ата аналарға , оқушыларға биылғы ҰБТ- ның ережелері мен өтілу барысы туралы айта келе, кейбір мектептерде балалар ережені бұзып, қолдануға рұқсат етілмеген заттарды ( ұялы телефон, шпор қағаздар) алып кіргені үшін тестілеуден шығарылып жіберілгендігін, мұндай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін әр балаға сынып жетекші, ата- ана тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілу керектігін, тестілеуге баланы апарып, әкелу ата- ананың міндеті екенін айтып өтті.
Сондай- ақ қорытынды аттестаттауға дайындық іс шаралары пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен жүргізіліп жатқандығы және емтихан болатын күндер туралы ата- аналарға хабарланды. Жиналыс соңында ата- аналар мектеп ұжымына сәттілік тілеп, мектеп тарапынан айтылған мәселелердің барлығына қосылатынын және балаға қолдау көрсетіп, қорытынды аттестаттауға баланы түгел қатыстыруға, балаға жағдай жасауға атсалысатындарын жеткізді.