27
ноябрь
2022
ҰСТАЗ ТАЛАНТТЫ БОЛСА, ШӘКІРТ ТАЛАПТЫ БОЛАДЫ
ҰСТАЗ ТАЛАНТТЫ БОЛСА, ШӘКІРТ ТАЛАПТЫ БОЛАДЫ
«Өмір бойы білім алу» — табысқа жету жолы! Қазіргі педагогтік қызметтің мәні үнемі өзін-өзі жетілдіру қажеттілігіне негізделген. Тек терең білімді әрі идеяшыл мұғалім оқушыны сұлулық әлеміне апара алады.
Шымкент қаласы " Дарын" орталығының ұйымдастырумен 23-24.11.2022 жылдың қараша күндері аралығында "Педагогикалық идеялар фестивальі" өткізілді.
№49 жалпы орта білім беретін мектебінің ізденімпаз, шығармашыл ұстазымыз информатика пәні бойынша Қозыкеева Гүлнұр Бекжасарқызы қатысып, II-орын иеленді.
Коммуникативтік және ұтқыр білім беру ортасында, тиімді жұмыс істей білген ұстазымыз Г.Б.Қозыкеева жақсы қырынан көріне білді.
Идеяшыл әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да тың идеяларымен жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз.

