01
декабрь
2022
"Сапалы білім беру -жарқын болашақ кепілі"
Шымкент қаласы бiлiм басқармасы "Қосымша білім беру оқу салалық орталығының"ұйымдастыруымен
М. Менделеев атындағы N15 мектеп-лицейi базасында "Сапалы білім беру -жарқын болашақ кепілі" тақырыбында мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасарлары арасында алғаш рет қалалық дебат турнирі өтті.
Мақсаты: "Бiлiмдi ұлт" сапалы білім беру ұйымдарында пiкiрсайыс қозғалысын дамыту,кеңiнен насихаттау.
Дебатқа бiлiм баскармасына қарасты 64 бiлiм беру мекемесiнен 32 фракция қатысып,64 тәрбие орынбасарлары қатысты.
Нәтижесінде: N49 жалпы орта білім беретін мектебінің
ДТIЖО Б.С. Айтымбетов
"Креативті идея"номинациясымен марапатталды.

