20
октябрь
2021
Ұстаз-ұлық емес,ұлы қызмет.
Б.Момышұлы
⠀
Ұстаз ,Ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әл-Фараби, Ыбырай мен Абайды
Осы сөзғой қойған бізге ұлы қып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылыменен емдейтін,
Болама -дағы малға кедей өмірде
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!
№49 жалпы орта білім беретін мектебінде 02.10.2021ж.күні ұстаздар мерекесіне орай "Ұстаз-ұлы тұлға"тақырыбында іс-шара болып өтті.
⠀Іс-шараға арнайы қонақтар "Қамқоршылық кеңес" мүшелері және ардагер ұстаздар шақырылып, сый-құрмет көрсетілді.
Іс- шараны мектеп директоры Сарыбасов Асылбек Асанұлы ашып,ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады.

