25
ноябрь
2021
Vlll Республикалық "Ақберен" байқауының қалалық кезеңі
№49 жалпы орта білім беретін мектебінің 10в сынып оқушысы Қуандықова Зарина, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Калыбаева Айгүл Vlll Республикалық "Ақберен" байқауының қалалық кезеңіне қатысып, "Шешендік, білгірлік" номинациясы бойынша l орын иемденді. Республика көлемінде Ақтөбе қаласында өткен байқаудан арнайы сертификаттармен марапатталып, мектеп мерейін республика бойынша асқақтатып қайтты. Шәкірт жетістігі-ұстаздың кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісі деп білеміз. Қуандықова Зарина 9-сыныпта "Мұқағали оқулары" байқауынан III орын иеленген болатын. Егеменді еліміздің болашағы,Зарина секілді жас білімдар жеткіншектері, Тәуелсіздіктің тұғыры биік болып, бейбітшілік бесігін тербеткен, талай асуларды бағындырған саналы ұрпақ болатындарыңызға зор үміт артамыз!





