19
октябрь
2021
"Критерий бойынша дескрипторды құру" тақырыбында коучинг
Химия және биология бірлестігінің онкүндігі барысында 14 сәуір күні химия және биология пән мұғалімі Тургунбаева Жанылай Турсынкулқызының "Критерий бойынша дескрипторды құру" тақырыбында коучинг жалғасын тапты. Мектеп мұғалімдерімен өтілген бұл коучингтің формасы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жасалынып, түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды.Оқушының білім жетістігін бағалауда дескриптор құру мен пайдалана білуді тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру. Әріптестер арасында оқушы білімін нақты, жағымды бағалаудың нұсқаларымен тәжірибе алмасу.
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауға, функционалдық сауаттылығы, бір-бірімен қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігін арттыруға, сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге, патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысын қалыптастыруға бағытталған тамаша коучинг өтілді деп айтуға болады.
